Жарияланды: 500

Қазақмыс 2003-жылдың алғашқы жартысында мыс өндіру көлемін 203,2 мың тоннаға дейін азайтты

"Қазақмыс" корпорациясы 2003-жылдың алғашқы жартысында рафинацияланған мыс өндіру көлемін өткен жылдың осы мерзіміндегі 216,7 мың тоннадан 203,2 мың тоннаға дейін азайтты.

Корпорацияның баспасөз қызметінің басшысы Владислав Николаевтың айтуынша, бұл - жоспарлы азайту. Қазақмыс биылғы жылы мыс өндіру көлемін өткен жылғы 432 тонна деңгейінде қалдыруды жоспарлап отыр. Қазір компания кеніш базасын нығатуға баса назар аударуда. Соған сәйкес Жаман Айбат, Шатыркөл, Нұрқазған, Артемьевский, Юбилейно-Снегирихинский секілді жаңа кеніштерді дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Владислав Николаевтың айтуынша, Қазақмыс руда өндіру көлемін 2002-жылғы 20,6 млн. тоннадан 2003-жылы 20,7 млн. тоннаға, ал көмір өндіру көлемін 3,5 млн. тоннадан 3,8 млн . тоннаға жеткізген. Мырыш концентратын өндіру көлемі 34,4 мың тоннадан 42,9 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, алтын құймасын өндіру ауқымы 1393 килограммнан 2297 килограммға дейін, ал күміс түйіршіктерін өндіру көлемі 333 тоннадан 306 тоннаға дейін азайды. Мыс катанкасын өндіру көлемі 32,4 мың тоннадан 28,9 мың тоннаға дейін азайтылды. 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында өндірілген өнімнің ақшалай құны өткен жылғы осы мерзімдегі 60,663 млрд. теңгеден 58,863 млрд. теңгеге дейін кеміді. Мыс өндіру көлеміне қарай дүниежүзінде тоғызыншы орын иемденетін Қазақмыс корпорациясы өз өнімдерін Қытай мен Еуропа елдеріне шығарады. Қазақмыс акционерлері арасында оңтүстік кореялық Samsung- 25,33% үлес, Ақпараттық-есеп орталығы РМК -24,65% үлес , Самсунг Гонконг лимитед - 17,22%, Фьючер Кэпитал - 10%, Қазақстан АБН АМРО Банкі- 9,51% үлес, ал басқа акционерлер 13,29 процент үлес иемденеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть