Сағат үште тіркелген тілсіз жау жарты сағаттан соң тоқтатылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ «Апатттық құтқару қызметінің әскери кәсіби мамандандырылған орталық штабы» РМКК 4 техникасы мен жеке құрамының 24 адамы жұмылдырылды. 125 шаршы метр аумақты жалын жайпады. 155 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт салдарынан кен орнындағы жұмыс 2 жарым сағатқа тоқтатылды.