"Қазақмыс" корпорациясында басқару құрылымы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" корпорациясында басқару құрылымы өзгерді

"Қазақмыс" корпорациясында басқару құрылымы өзгерді

"Қазақмыс" корпорациясында басқару құрылымы өзгерді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне корпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2004
  • 1240
Фото - Caravan.kz

Корпорацияның директорлары кеңесінің шешімімен Қазақмысқа жаңа басқармалар тағайындалды. «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі Руслан Юн басқарма төрағасы болып, ал төрағаның орынбасарлығына Ғафура Ыбраева, сондай-ақ, басқармалар мүшесі болып басқармалар әкімшілігінің жетекшісі Владимир Малышев пен заңгерлік қызметі департаментінің директоры Эльдар Мамедов тағайындалды.

«Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ-ның құрылымын жетілдіру мәселесі 2003-жыл соңында компания басқармаларының алғашқы отырысында талқыланды.
Корпорацияның басқару құрылымын жетілдіру мақсатымен басқармалар Александр Юнды «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ-ның бас басқарушысына тағайындап, оны бас басқарушының бірінші орынбасары қызметінен босатты.
Сондай-ақ, басқармалардың бұйрығымен корпорация құрамында «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ-ның Жезқазған тау-кен комбинаты атты құрылымдық бөлімше құрылды. Комбинат директорлығына Талғат Аханов тағайындалды.
Аталмыш бұйрыққа сәйкес, корпорация құрылымын жетілдіруге бағытталған басқа да бірқатар шаралар қарастырылды. Құрылымдық бөлімшелер басшыларын бұрынғыдай бас директор немесе басқарушы емес, директор деп атау ұйғарылды.
Корпорацияның жаңа құрылымына байланысты басқарушылар саны артпайды дейді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар