Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды

Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды

Шымкент. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жыл соңына дейін жабылды. Бұл туралы журналистерге ОҚО кедендік бақылау департаментінің директорының орынбасары Нұрлан Отаров мәлімдеді.

  • 4 Шiлде 2008
  • 778
Фото - Caravan.kz

«Жөндеу барысында жүктер мен жолаушыларды кедендік рәсімнен өткізу үшін екі жеке терминал, уақытша сақтау қоймасы, терең тексеру пункті, қызмет иттері үшін питомник, гараж тағы басқалары салынады», — деді Н. Отаров.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 398 млн теңге бөлінген. Біз жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деп хабарлады Н. Отаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті