Қазаққа тіл тигізген ресейлік актер айыппұлмен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазаққа тіл тигізген ресейлік актер айыппұлмен  құтылды

Қазаққа тіл тигізген ресейлік актер айыппұлмен құтылды

Ал араққа сылқия тойып алып, күллі қазаққа тіл тигізген тағы бір ресейлік жауаптан жеңіл сытылды. Актер Алексей Панинге тек айыппұл салынған.

  • 25 Ақпан 2014
  • 222
Фото - Caravan.kz


Аузына келгенін айтқан ресейлік актер гастрольдік сапарға өзімен бірге келген әріптестерінің ғана емес, спектакльді тамашаламақ болған көрерменнің де шырқын бұзды. Спектаклдің екінші жартысында жұрттың алдына шыққан Панин, барлығын боқтап, қазақтың намысына тиетін ауыр сөздер айтқан болатын. Филормония басшылары полиция шақырып, оны тезге салуға тырысыпты. Алайда, актер ұлтқа тіл тигізгені үшін емес, қоғамдық орында шарап ішкен үшін ғана жазаға тартылған. Қазақты малға теңеп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан Панин бар болғаны 3,704 теңге төлеп, оңай құтылып кетті.