Қазақ-Қырғыз шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталды
![]() |
Енді Қазақстан мен Қырғызстан ешқандай кедергісіз шекарадан тауар алып өтеді. |
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев «Қордай» және «Ақ жол» бекеттеріндегі кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне қатысып, осындай келісімді бекітті. Қолға алынған шараның нәтижесінде көрші елмен қарым-қатынас нығайып, сауда-саттық одан да ұлғая түседі, - деді Елбасы. Бүгіннен бастап Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанды. Енді оның аумағы кедендік шекарасыз бірегей кеңістіктің бөлігіне айналды. Сол себепті мұндағы 8 бақылау-өткізу бекеті, 7 көлік және 1 темір жолды тек шекарашылар күзететін болады. Олар өтушілердің төлқұжат-визаларын тексеріп, көліктерді тасымалдауға тыйым салынған заттарға қатысты тексерулер жүргізеді. Тауар тасымалданған жағдайда, арнайы құжаттар ресімделіп, артынша салық органдарына тапсырылады. Айта кетейік, екі ел арасындағы кедендік бақылау алынып тасталғанымен, фито-санитарлық қадағалау жүргізіле береді, - деп хабарлайды http://24.kz/.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін