"Қазақша сөйлегеніміз үшін таяқ жедік": Атышулы фильмнің продюсері қалай тірі қалғаны туралы айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақша сөйлегеніміз үшін таяқ жедік": Атышулы фильмнің продюсері қалай тірі қалғаны туралы айтты (ВИДЕО)

"Қазақша сөйлегеніміз үшін таяқ жедік": Атышулы фильмнің продюсері қалай тірі қалғаны туралы айтты (ВИДЕО)

«Ұлы дала зары» фильмінің продюсері Ернар Мәліков «New Alash» ютуб каналына сұхбат берді.

  • 7 Маусым 2021
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды

"Тілеуханұлымен сұхбат" бағдарламасының қонақ болған «MG Production» кинокомпаниясының негізін қалаушы Ернар Мәліков ашаршылық тақырыбы бойынша тың мәліметтер келтіріп мен Кеңес Одағы тұсында көзқарасының өзгеруіне не түрткі болғаны жайлы айтты.

«Кеңес Одағының ыдырауына ең бірінші себепкер болған «желтоқсан оқиғасы» деп ойлаймын. Мен ол кезде Павлодарда оқып жүргенмін. Индустриалды институтының энергетика факультетінде. Сол кезде бізді арнайы жасақ жатқанаға келіп қоршап алды. Қазақша сөйлейтін студенттермен қақтығыс болды. Жігіттердің бәрі қазақ топтарында оқыды, мен өзім қазақ мектебін бітіренмін. Шымкенттен, Семейден, Өскеменнен келген қазақтар, ұлттық топ деген болды ғой ол кезде. Бізді «қазақтың шешендері» дейтін. Өйткені жатақханада тұрамыз, қазақша сөйлейміз. Сол кезде неге қазақша сөйлейсіңдер деген желеумен үлкен қақтығыс, төбелес болды. Бізді былайша айтқанда быт-шытымызды шығарып, сойып салды. Мені үш жерден пышақтап, тастап кеткен. Мені тауып алып ауруханаға әкелген кезде тамырым соқпай тұрған. Өлді деп ойлап шетке лақтыра салады, бәрібір моргке кетеді деп. Ол кезде сапырылыс болып жатқан.

Сонда Семей мединститутын бітірген бір қазақтың жігіті қасымнан өтіп бара жатып кірпігімнің ақырын қимылдап жатқанын байқап қалған. Тамырым соқпасада жүректің әлсіз соғып тұрғанын анықтап, содан аман қалдым»


Соңғы жаңалықтар