Салмағы 2 келідей тартатын кітаптың ішіндегі сөздерді мамандар бірнеше жыл бойы жинаған. Ескірген сөздердің орнына жаңасын енгізіп, тіпті жаңа заманға лайық терминдерді тапқан ғалымдар қазақ тілінің байлығын көрсетуге тырысқан. Сөздікті теориялық зерттеулерге сүйеніп жасағандықтан, оның оқырманы ғылым, білім, оқу-ағарту, баспасөз саласының өкілдері екен. Әзірге 4 мың тиражбен жарық көрген кітаптың 100-ге жуығы бүгін тегін таратылып кетті. Ал, қалғаны кітапханаларға үлестірілмек.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
-Қазақ тілі мына сөздіктің шығуы бүгінгі күннен бастап 14 мың сөзге бай екенін және қазақ тілі дүниежүзінің 30-дан астам халықтарының тілдері ішінде ең бай тіл екендігін дәлелдейді.