Қазақстан 1-шілдеден бері 3,9 млн тонна астық экспорттады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 1-шілдеден бері 3,9 млн тонна астық экспорттады

Қазақстан 1-шілдеден бері 3,9 млн тонна астық экспорттады

Қазақстан 1-шілдеден бері 3,9 млн тонна астық экспорттады. Бұл туралы журналистерге Ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 549
Фото - Caravan.kz

«18-желтоқсанға дейінгі мәліметтерге сүйенсек, биылғы маркетингтік жыл ішінде 3,9 млн тонна астық жөнелтілді», — деді ол.

«Бұл өткен жылғыдан сәл көп. Өйткені, 2012 жылғы қуаңшылық экспортқа да әсер етпей қоймады. Биылғы көрсеткіш одан біршама жоғары», — деді ол.

Биылғы жылы Қазақстанда 20,9 млн тонна астық бастырылды.