Қазақстан 2014 жылы әуе тасымалы жөніндегі Монреаль конвенциясына қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2014 жылы әуе тасымалы жөніндегі Монреаль конвенциясына қосылады

Қазақстан 2014 жылы әуе тасымалы жөніндегі Монреаль конвенциясына қосылады

Қазақстан биылғы жылы 1999 жылғы әуе тасымалы жөніндегі Монреаль конвенциясына қосылмақ,

  • 29 Қаңтар 2014
  • 704
Фото - Caravan.kz

деп Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлімдеді.

«Біз соңғы жылдары әуе заңдарына үлкен өзгерістен енгіздік және мұны жалғастыра бермекпіз. Қазір Қазақстанның 1999 жылғы Монреаль конвенциясына биылғы жылы қосылуымен жұмыс істеудеміз, қазір конвенция мемлекеттік органдардың қарауында жатыр», — деп А.Бектұров бүгін Астанада әуе жүктерінің Карго-күні барысында атап көрсетті.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы халықаралық әуе транспорты қауымдастығының аймақтық менеджері Джордан Карамалаков атап көрсеткендей, конвенция әуе жүктерін қағаз жүзінде ресімдеуді электронды жүйеге енгізуді көздейді.


Егер ел бағдарламаны енгізу мерзімін өткізіп алса, Қазақстанның бүкіл авиациялық саласы әлемдік авиациялық кеңістіктен артта қалып қояды.