Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ басшысы Руслан Сұлтанов мәлiм еттi.
"2013 жылы Hyundai Auto Trans алдыңғы жылдың көрсеткiшiн 22 пайызға арттырып, Беларуське автотехниканың 318 бiрлiгiн экспорттады. Ал 2014 жылдың жоспарлы мақсаты 11 мың жеңiл, жүк автокөлiктерi мен автобустарды экспорттау", — дедi ол.
Оның айтуынша, ықпалдастық — елдiң үдемелi индустрияландыру саясатына үлкен серпiн берiп отыр. "Оның iрi мультипликативтi әсерi бар, соның iшiнде Қазақстан үшiн мүлде жаңа фармөнеркәсiбi, автокөлiк құрастыру сияқты салаларында жаңа кәсiпорындар ашылып жатыр", — деп түйдi сөзiн Р. Сұлтанов.