Қазақстан ағымдағы жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транспорттық дәлізін сала бастауға тиіс - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ағымдағы жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транспорттық дәлізін сала бастауға тиіс - президент

Қазақстан ағымдағы жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транспорттық дәлізін сала бастауға тиіс - президент

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ағымдағы жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транспорттық дәлізін сала бастауға тиіс. Бүгін Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауын парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 594
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстандағы ең ірі трансқұрлықтық транспорттық жобаны жүзеге асыра бастауға тиіспіз. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транспорттық дәлізі Қазақстанның оңтүстік өңірлері мен Қызылорда және Актөбе арқылы Ресейге шығады», — деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, «жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізіп, еліміздің оңтүстік өңірінің экономикасын жалпы жандандыра түседі».

Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Астана — Бурабай, Алматы — Қорғас жолдары мен үлкен Алматы айналма жолының құрылыс және реконструкциялық жұмыстары жалғасын табатынын атап өтті.

Бұған қоса, президенттің айтуынша, 2008 жылы Шар — Өскемен темір жолын салып бітіріп, Маңғышлақ — Баутино, Ералиево — Құрық темір жол желілері, Қорғас — Жетіген учаскесін сала бастау, Мақат — Қандыағаш темір жол тармақтарын электрлендіру қажет.

Н. Назарбаев «жылжымалы құрамның тапшылығын азайту үшін ағымдағы жылы отандық транспорттық машина жасау саласын дамытуға бағытталған шаралар кешенін дайындап, жүзеге асыра бастауды» тапсырды. «Мен бұл жерде нақты вагон өндірісін айтып отырмын», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті