Қазақстандағы МӨЗ біртіндеп АИ-80 бензині өндірісін қысқартады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Техникалық регламент талаптарына сəйкес зауыттарда АИ-80 бензинін өндіру көлемі қысқарды. Оның орнына жоғары октанды бензин мен дизель отыны көбейтіледі", — делінген хабарламада.
Хабарламаға сүйенсек, 2014 жылы 948 мың тонна АИ-80 бензині өндірілген. 2015 жылы өндіріс көлемі 35% кеміп, 618,7 мың тоннаны құрады. Ал, 2016 жылы өндірілетін АИ-80 көлемі 521 мыңмен шектелмек.