«Республиканың ішкі нарығын толықтыру және мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдерін жеткізу кестесі бекітіледі, ай сайын бензин мен дизелді отынның мөлшерлі шекті бағасы белгіленеді», — деп министр бүгін Астанада мәжілісте өткен үкімет сағатында атап көрсетті.
Мемлекет мұнайдің әлемдік бағасына қарай мұнай өнімдерін бөлшек сатудың мөлшерлі бағасын белгілейді. Алайда мұнай өнімдерін көтерме сату бағасын мемлекеттік реттеу қарастырылмаған.
Қазіргі кезде мынадай мөлшерлі баға қалыптасқан: Аи-80 бір литрі — 89 теңге, Аи-92 — 115 теңге, дизелді отын — 102 теңге.
Биліктің айтуынша, Қазақстанда жанар-жағармайдың реттелетін түрлерінің бағасы 2014 жылдың бірінші тоқсаны ішінде өзгермейді.