«Қазақстан әлемдегі қауіпсіздік пен ғаламдық энергетикалық теңдікті қамтамасыз етуде өзінің жауапкершілігін толық сезінеді»,- деп мәлім етті Н. Назарбаев.
«2017 жылы біз көмірсутегін экспорттайтын ондыққа кіреміз, және де бұл ұстаным Қазақстаның 21 ғасырдағы әлемдік шаруашылық байланыстардың серпінді өзгеріп келе жатқан жүйесінде экономиканың рөлін анықтайтын болады. Біз осы мәселеге қатысты Еуроодақпен тығыз ынтымақтастықта боламыз деген үміттеміз»,- деп қосты ол.
Елбасы, «өткен жылдарда мұнайгаз өнеркәсібі біздің экономикамыздың басқа да салаларын ілгері тартқан локомотив болып отыр» деп атап көрсетті. «Сондықтан да біз стратегиямызда энергетикалық ресурстарды дамытуға ұзақ мерзімді басымдық бердік»,- деп атап өтті президент.
Н. Назарбаев, республика аумағында «Қазақстанды дүиежүзіндегі мұнайлы елдердің бірінші ондығына кіргізетін мұнай және газ кеніштерінің бар екендігін» еске сала кетті. Яғни, «2010 жылға дейін 80 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған, ал 2015 жылы ішкі мұқтаждық 25 млн тоннадан аспаған жағдайда ол 130 млн тоннаға жетеді». Сондай-ақ «2010 жылы шикі газды өндіру 40 млрд текше метрге дейін өссе, 2015 жылы — 80 млрд текше метрге дейін жетеді».
Сонымен қатар президет, энергетикалық әлеуеттілікті одан әрі дамытуда «бірқатар маңызды міндетті шешу» қажет, деп атап өтті. «Ең алдымен, мұнайгаз кешенімен тығыз байланысты өнімді терең өңдеу саласын оздыра дамытуды қамтамасыз ету, қолсылған құн үлесі жоғары өнімдердің халықаралық нарығына жеделдете шығу керек. Біз біздің серіктестерімізді мұнайгаз кешені экономикасының осы бөлігіне қатысуға бағыттайтын боламыз»,- деп мәлім етті Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, «біз сондай-ақ энергоресурстарды дүниежүзілік нарыққа тасымалдаудың тұрақты арнасын қамтамасыз етуге, әртараптандыруға назар аударуға тиіспіз», деп атап өтті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті