Қазақстан армиясын модернизациялау аясында жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен қамтамасыз ету қарастырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан армиясын модернизациялау аясында жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен қамтамасыз ету қарастырылған

Қазақстан армиясын модернизациялау аясында жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен қамтамасыз ету қарастырылған

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан армиясын модернизациялау аясында еліміздің Қарулы күштерін нысанаға таңдап тиетін жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл туралы еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Наурыз 2007
  • 603
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Армиясының қару-жарақтары мен әскери техникасын жаңалау барысында жоғары дәлдіктегі, нысанаға таңдап тиетін қаруды қолдануға назар шоғырландырылатын болады»,- деді Д.Ахметов.

«Әлемнің өзгерісімен бірге қару-жарақ пен әскери техниканың құрылымы да өзгеруде, соған сәйкес осындай қаруларды пайдалану идеологиясы да өзгермек»,- деді министр. Оның айтуынша, «мыңдаған шаршы шақырым аумақтарға соққы беру қажет болған ірі аумақты қамтыған соғыстар идеологияға негіз болатын, осы фактор әскери доктринаның мән-мазмұнын айқындайтын уақыт келмеске кетті». «Қазір жоғары дәлдікпен тиетін қарумен нүктелі соққы беру қажет. Республиканың Қарулы күштерінде осындай қару бар»,- деді Д.Ахметов. «Мәселе басқаша. Осы қару-жарақты одан әрі жетілдіру, әскерді басқару жүйесін жаңаша әскери технологиялармен жетілдіру қажет»,- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті