Қорғаныс министрлігі 2014 жылға арналған қарулы күштерде жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі шаралар жоспарын бекітті.
Жоспарда жемқорлыққа бару тәуекелдігі жоғары қызмет тізімін кеңейту, осы қызметтерге өту үшін талаптарды күшейту, аталған қызметтерді атқаратын тұлғалардың жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтауын арнайы тексеруді қарастыратын тетіктер қолдану көзделген.
Ақпараттық-талдау жұмысынан өзге, жоспарда қарулы күштерге жат функцияларды аутсорсингке беру секілді бірқатар нақты ескерту-профилактикалық шаралар қаралады.