Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

 

  • 26 Қазан 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Қазақстан ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсынды — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттерін ескере отырып, Президент ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсыну туралы шешім шығарды", — деп хабарлады СІМ.

Транзит арқылы Алматы әуежайынан басқа елдерге ұшуға болады.

Бұған дейін 17 қазанда Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация Ауғанстанға
барған еді
. Сыртқы саяси ведомство сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланғанын хабарлаған.