Қазақстан ауған еліне 600 мың тонна астық береді - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ауған еліне 600 мың тонна астық береді - Н.Назарбаев

Қазақстан ауған еліне 600 мың тонна астық береді - Н.Назарбаев

Қазақстан ауған еліне 600 мың тонна астық береді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Мохаммад Ашраф Ғанимен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

  • 20 Қараша 2015
  • 762
Фото - Caravan.kz


«Біздердің кездесуімізде елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, достық, сенім жағдайын көтеру мәселелері қаралды. Өйткені тұрып жатқан өңіріміз біреу. Бәріміздің салтымыз, ғұрпымыз, экономикамыздың түрі, жағдайы бірдей. Сондықтан біз сізбенен бүгін үлкен, тереңдетілген келіссөздер жүргіздік», — деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты мәселелер талқыланған. Сонымен қатар екі елдің экономикалық қарым-қатынасын жандандыруға баса назар аударылған. 
«Қазіргі 400 млн. долларға жетпейтін сауда ол әрине, өте аз. Сондықтан біз сізбенен ол жөніндегі көптеген мәселелерді келістік. Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тоннадан артық бидай таситын болды. Біз бүгін келістік. Жол салу, құрылыс материалдарын беру, темір жол, локомотив, вагондармен көмектесу мәселесін уағдаластық», — деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар