Жарияланды: 480

Қазақстан аумағында күйдіргінің 2598 ошағы тіркелген

Қазақстан аумағында жалпы жер көлемі 213 мың 047 гектарды құрайтын аумақта күйдіргінің 2598 ошағы тіркелген . Бұл туралы бүгін, 12-маусымда Республикалық тазалық-індет станциясының бас дәрігері Кеңес Оспанов хабарлады.

ҚР тазалық-індет станциясының мәліметіне сүйенсек, 1948-2002-жылдар аралығында Республика бойынша адамдардың күйдіргімен ауыру оқиғасы 1804 мәрте, ал малдардың антракс микробын жұқтырып алу көрінісі 25258 мәрте тіркелген. К.Оспановтың айтуынша, соңғы 5 жылда күйдіргінің ең белсенді ошақтары Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тіркелуде. Ал адамдар мен малдардың жекелеген немесе тобымен күйдіргі жұқтыру көрінісі жыл сайын тіркеледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін