Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

 28 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 14.08-де жер сілкінісі тіркелді.

  • 28 Қаңтар 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz


Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді. 

Тербеліс кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 567 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5 болса, магнитудасы — MPV 4,5, ал тереңдігі 15 шақырым.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.