Қазақстан азаматы алтын бұйымдар мен аса ірі көлемдегі ақша контрабандасына әрекет жасағаны үшін ұсталды
Шымкент. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар алтын бұйымдар мен аса ірі көлемдегі ақша контрабандасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12 тамызда Қазақстанның 38 жастағы азаматы өзінің "Ауди-100" көлігімен қазақ-өзбек шекарасын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы "Қазығұрт" өткізу бекеті арқылы өтуге ниет білдірген. Оның жүктерінің арасындағы екі сөмкеден тексеру кезінде 300 грамм алтын бұйымдар мен 1 млн өзбек сомы табылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін