«Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері Ресей Федерациясы Самара облысының полицейлерімен бірлесіп, 35 жастағы Ресей азаматын қолға түсірді. Оған ағымдағы жылдың 19 ақпанында Орал қаласында атыс қаруымен 37 жастағы Қазақстан азаматын өлтірді деген күдік келдіріліп, мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын», дейді А. Есімбекова.
Оның сөзіне қарағанда, күдікті Самара қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда оны экстрадициялау мәселелері шешілу үстінде.