Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді

Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді

Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізуге ниет білдірмеген.

  • 9 Қараша 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

StopFake.kz порталының мәліметінше, кейбір интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы ақпарат жарияланған.

"Бұл мәлімдеме – жалған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарламаны ресми түрде жоққа шығарды. Қазақстан елдің әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндеттемесін сақтайды және басқа елдерге қару-жарақ жеткізуге ниетті емес. Мақалада көрсетілген мәлімет шындыққа жанаспайды және ешқандай негізі жоқ", — делінген ведомствоның хабарламасында.

Министрлік сонымен қатар 2020 жылдың 2-3 қарашасы аралығында Silk Way West Airlines әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Баку арасындағы рейстерді жасамағанын атап өтті.


Индустрия министрлігі Қазақстан азаматтарын ресми ақпарат пен тексерілген дереккөздерге ғана сенуге шақырды.