Қазақстан Азия мен Еуропаның сауда жолдарын қосатын транзитті орталыққа айналмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Азия мен Еуропаның сауда жолдарын қосатын транзитті орталыққа айналмақ

Қазақстан Азия мен Еуропаның сауда жолдарын қосатын транзитті орталыққа айналмақ

 Қазақстан Азия мен Еуропаның сауда жолдарын қосатын транзитті орталыққа айналмақ. Бұл тақырып Дубайда өткен «Жібек жолы» халықаралық инвестициялық форумында кеңінен талқыланды, деп хабарлады www.24.kz.

  • 5 Наурыз 2015
  • 636
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан темір жолы» АҚ мен Дубай Порт Уолд әлемдік теңіз операторы бірігіп ұйымдастырған шарада басқа да өзекті мәселелер қозғалды. Қазақстанның еуразиялық көліктік-логистикалық және іскерлік хабқа айналуы туралы идеяны алғаш Президент Н.Ә.Назарбаев Жібек жолын жаңғырту туралы сөзінде қозғады. Бұл мақсатта қазір елімізде Қытай, Ресей, Парсы шығанағы, Еуроодақ, Еуразиялық кеңістік бағыттарындағы тауар айналымын арттыратын жаңа көліктік дәліздер қалыптаса бастады. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» президенті Асқар Мамин мәлімдеді. Ал оны қалай жүзеге асыруға болатыны форум барысында жан-жақты талқыланды.

«Біз қазақстандық «Қорғас» арнайы экономикалық аймағы мен Ақтау теңіз порты жетекшілерімен кездесуде порттар және логистика саласындағы тәжірибелерімізбен бөлісуге әзірміз. Бұл Қазақстанның қазіргі заманғы логистикалық хаб ретінде аймақтағы сауда транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономикалық дамудың локомотивіне айналуына ықпал етеді», — деді шара барысында Dubai Port World компаниясының президенті Мұхаммед Шараф.

 Бұған дейін қол қойылған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен DP World арасындағы келісімшартқа орай, халықаралық логистикалық оператор «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен Ақтау теңіз портына кеңестік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар әлемдік компанияларға логистикалық шешімдерді даярлайды. Форум барысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін жетілдіру мен транзиттік әлеуетін дамытудың жобалары талқыланды.


«Дубай ірі әлемдік компаниялардың және логистикалық құрылымдардың басын бір жерге біріктіріп отыр. Халықаралық форум Қазақстанның Еуразия құрлығында логистикалық хаб жасақтауына өз септігін тигізу тиіс», — деп өз пікірімен бөлісті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев.

Сарапшылар 2014 жылы аймақтағы сауда айналымы 800 млрд АҚШ долларын құраса, 2020 жылға дейін 1,2 трлн АҚШ долларына жетеді деген болжам жасап отыр. Ал Қытай мен Еуропа аралығындағы жүк тасымалы 170 млн тоннаны құрауы тиіс.