«Әңгіме барысында халықаралық тасымал саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын дамыту, жаңа көлік дәліздерін ашу мәселелерін талқылады», — деп көрсетілген кездесу қорытындысы бойынша дүйсенбі күні таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Атап айтқанда, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мәселе Қазақстан мен Ресей арқылы өтетін Қытай — Еуропа көлік тасымалын ұйымдастыру жайлы болған.
В. Якунин сонымен қатар Н. Назарбаевқа Ресейдің темір жол көлігін реформалау процесі жайында, екі елдің темір жол ведомстволары арасындағы проблемаларды шешуде оға алған жоспары туралы әңгімеледі.
«Қазақстандық әріптестеріммен темір жол көлігі қызметінің барлық жақтары бойынша ынтымақтастықты дамыту мен үшін аса үлкен маңызға ие. Осы тектес деңгейлердегі кездесулер екі темір жол жүйесінің өзара іс-қимылдарының тиімді бола түсуіне ынталандырады», — деді В. Якунин журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті