Қазақстан Бейнеу - Ақбұлақ газ құбырын тартуға Қытайды да қатысуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Бейнеу - Ақбұлақ газ құбырын тартуға Қытайды да қатысуға шақырады

Қазақстан Бейнеу - Ақбұлақ газ құбырын тартуға Қытайды да қатысуға шақырады

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Бейнеу - Ақбұлақ газ құбырын тартуға Қытайды да қатысуға шақырады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Энергетика министрлігі Қытай Халық Республикасына осы жобаға атсалысуды ұсынды. Онда келешек бар. Қазір жобаны 50 де 50 үлесімен қаржыландыруға шешім қабылданды. Қандай жағдайда да жобаның 50 проценті шаруашылық субьектілерінің есебінен қаржыланады. Ол «ҚазМұнайГаз» болуы да, немесе, басқа инвестор болуы да мүмкін. Осы 50% артынан тариф есебінен өтеледі», -деді вице-премьер.

Газ құбырының ұзындығы 1510 шықырым, диаметрі түрлі бөліктерінде 711 мм және 1016 мм. Бірінші кезеңі 2011 жылдың шілдесіне дейін аяқталуға тиіс, ол Қазақстанның оңтүстігіне 5 млрд текше метр газ жіберуге мүмкіндік туғызады. 2014 жылы газ құбырының екінші кезегі пайдалануға беріледі. Бұл оның қуатын 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті