Қазақстан Беназир Бхуттоның өлтірілуін қатаң айыптайды - Нұрсұлтан Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Беназир Бхуттоның өлтірілуін қатаң айыптайды - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Беназир Бхуттоның өлтірілуін қатаң айыптайды - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беназир Бхуттоның өлтірілуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның барша халқының атынан Беназир Бхуттоның және лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза болған басқа да құрбандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазақстан тек Пәкістандағы ғана емес, сондай-ақ күллі өңірдегі ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған оқиғаны кесімді түрде айыптайды. Пәкістан халқы үшін осы бір күйзелісті күндері мен оларды салқынқандылық танытып, бірлесіп, лаңкестік күштердің елде бейберекетсіздікке жол беруіне мүмкіндік туғызбауға шақырамын. Бүгінгі таңда лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес ісінде әлемдік қоғамдастықтың барлық күштерін біріктірудің қажеттігі бұрынғыдан да өзекті болып отырғаны айқын», деп көрсетілген құжатта.

Пакистанның бұрынғы премьер-министрі, Пакистан халықтық партиясының жетекшісі Беназир Бхутто террористік оқиға салдарынан алған ауыр жарақатынан операция үстелінде бейсенбі күні қайтыс болды. Лаңкес Равалпинди қаласындағы мыңдаған адам қатысқан оппозицияның шеруі кезінде Бхуттоның көлігін атқылап, сосын жарылғыш затын іске қосқан. Нәтижесінде Беназир Бхуттодан басқа ішінде бірнеше полиция қызметкері де бар 20 шақты адам қайтыс болып, 15-тей адам жараланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті