Қазақстан бидай экспортының жағрафиясын кеңейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бидай экспортының  жағрафиясын кеңейтті

Қазақстан бидай экспортының жағрафиясын кеңейтті

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан бидай экспортының жағрафиясын кеңейтті. Бұл жөнінде бүгін журналистерге сұхбат берген "Азық-түлік келісім- шарт корпорациясының ҰК" АҚ сыртқы экономикалық іс-қызмет департаментінің директоры Дәулет Уашев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан бидайы жіберілетін елдер қатары кеңейді. Егер бұрын жағрафия жағынан қазақ дәнді дақылдары 40 елге жөнелтілген болса, енді олардың саны 50-55 ке жетіп, олар біздің бидайымызды алатын болды «, — деді Д. Уашев.

Оның сөздеріне қарағанда, бұл тікелей жеткізулер. Д. Уашевтың түсіндіргеніндей, «егер бұрын Қазақстан делдалдар арқылы жұмыс істесе, енді Түркия сияқты елдермен мен тікелей қарым -қатынастарға көшіп, олар Азық-түлік корпорациясы , Бидай одағымен Азов, Таганрог, Украина шағын порттары арқылы бидай тасымалдау жөнінде ірі келісім-шарттары бойынша келісімдер жүргізуде «.

Департамент директорының пікірінше, «Түркіменстанның қазақ бидайын сатып алу ниеті үлкен жаңалықтардың бірі болып саналады. «Биыл Түркіменстан 400 мың тонна бидайды алса, ірі көлемді бидайды Қырғызстан мен Тәжікстан да алуға ниетті, сондай-ақ, Әзербайжан мен Тунис сатып алу көлемін ұлғайтуда».

Департамента басшысының ақпараты бойынша, Әзербайжан қазақ бидайын 250 мың тоннасына дейін алмақшы, былтыр оның көлемі 160-170 мың тонна болған. «Бұл көлем 300 мың тоннаға дейін жетуі ықтимал, өйткені, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының Бакуде бидай терминалы бар. «Қазір біз оны жоспарлы түрде қамтамасыз етіп отырмыз және Әзербайжанда жеке қорының мәселесі туындағанда, ондағы бидай қоры жеткілікті болуы керек».

Д. Уашевтың айтуынша, «Тунис биыл жалпы 700 — 800 мың тонна бидай алуы мүмкін. «Мұндай импорттаушы -мемлекеттер бидай протеины 11,5 % алуға тырысады. Ал бізді ондай бидай жоқ, ең азы 12,5%… Соған қарамастан, олар оны сатып алып, басқа дәнді дақылдармен қосып, өз елінде жоғарғы түрін шығару үшін пайдаланады».

«Кезеңнің соңында қандай импорттаушы елден сұраныс келетінін көрерміз. «Ал қазір бізге тікелей румындар, венгрлер мен болгарлар хабарласуда. Бұдан бұрын Еуроодақ елдерінің өнімін алып отырғандар, енді ақырындап Қазақстаннан алуға көшті «, — деді ол.

Д. Уашевтың атап өткеніндей, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының экспорттық көлем мөлшері 20% ұлғайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті