Қазақстан бидайына биыл айтарлықтай сұраныс болмайды - ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бидайына биыл айтарлықтай сұраныс болмайды - ауылшаруашылығы министрі

Қазақстан бидайына биыл айтарлықтай сұраныс болмайды - ауылшаруашылығы министрі

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың пайымдауынша, ағымдағы жылы "Қазақстан бидайына айтарлықтай сұраныс болмайды". Бұл туралы ол бүгін министрліктің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан бидайына биыл өткен жылғыдай айтарлықтай сұраныс болмайды деп кесіп айтуға болады», -деді А. Күрішбаев.

Оның түсініктемесіне жүгінсек, «биыл Ресей мен Украина алқаптарында жақсы түсім байқалуда, бұл елдердің экспорттық әлеуеті өте жоғары».

«Ресей мен Украина өз айлақтары арқылы экспорттық астығын жөнелтпейінше, біз бұл айлақтарға шыға алмаймыз. Тиісінше, қысқа таман, жаңа жылдың қарсаңында және жаңа жылдан кейін Қазақстан бидайына деген сұраныс артады», — деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, «Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда биыл түсім нашар болғандықтан, сұраныс өседі деп күтілуде».

«Қазақстанда бидайдың бағасы биыл былтырғы деңгейден жоғары болмайды, бірақ баға сұранысқа байланысты», — деді А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті