Қазақстан биылғы жылы 70 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биылғы жылы 70 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстан биылғы жылы 70 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан биылғы жылы 70 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің коллегия отырысында ведомство басшысы Сауат Мынбаев хабарлады.

  • 7 Ақпан 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Біз 2008 жылы мұнайды өндіру көлемін 69-70 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді министр.

С. Мынбаев атап өткеніндей, биылғы жылы өңделетін мұнай көлемі 500 мың тоннаға дейін ұлғайтылып, 12,5 тоннаны құрайды. Министр айтқанындай, қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңарту қажет, тіпті » тағы да бір зауыттың салынуы да мүмкін».

Жалпы министрліктің мәліметтері бойынша былтырғы жылы мұнай мен газ конденсатын шығару көлемі 3,7 % өсіп, 67,2 млн тоннаны құрады. Өткен жылы 12 млн тона қара алтын өңделді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті