Жарияланды: 1800

Қазақстан болашақта дүниежүзіндегі жетекші мұнай өндіруші әрі экспорттаушы елдердің біріне айналады - РФ СІМ-нің орынбасары

"Қазақстан болашақта дүниежүзіндегі мұнай өндіруші әрі экспорттаушы жетекші мемлекеттердің біріне айналады дегенге қазір әлемде күмән келтіретіндер аз".

Бұл туралы бүгін, 8-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда РФ СІМ-нің орынбасары Виктор Калюжный пікір білдірді. В.Калюжныйдың айтуынша, "Мұндай перспектива Қазақстанға тұрақты даму мен гүлденуді қамтамасыз ететіні сөзсіз. Өйткені, жылу-энергетика кешені екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең бір маңызды саласы". Алайда осы орайда ол "барлық нәрсе тек қағаз бетінде ғана тап-тұйнақтай болады",- деп атап көрсетті. "Өз басыма сын ретінде мойындар болсам, Центральное кенішіне уәкілетті ұйымды тағайындау жұмысын Ресейдің біраз сөзбұйдаға салғаны рас",- деді В.Калюжный. Сондай-ақ, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық саласындағы түйткілді тұстардың бірі ретінде В.Калюжный : "Транснефть мұнай компаниясы әзірге Қазақстан тарапынан мұнаймен қамтамасыз ету жөнінде ұзақ мерзімді кепілдеме алған жоқ. Ол өз кезегінде Қазақстан мұнайын Балтық құбыр жүйесі арқылы экспорттайтын жаңа бағыттарды айқындау үшін қажет",- деп мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін