"Қазақстан Бүгін" агенттігі тағы да мақсатсыз пайдаланылып жатқан балалар бақшаларының ғимараттарын атайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Бүгін" агенттігі тағы да мақсатсыз пайдаланылып жатқан балалар бақшаларының ғимараттарын атайды

"Қазақстан Бүгін" агенттігі тағы да мақсатсыз пайдаланылып жатқан балалар бақшаларының ғимараттарын атайды

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Агенттік тағы да мақсатсыз пайдаланылып жатқан балалар бақшаларының ғимараттары жайлы әңгімелейді.

  • 27 Маусым 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

Алматының бұрынғы балабақшаларының бір бөлігін қазіргі уақытта толығымен немесе жартылай басқа оқу орындары иеленген.

Атап айтқанда, «Орбита» ықшамауданындағы (Науаи — Әл-Фараби) №81 балабақша өзінің аумағын Алматы менеджмент және сервис колледжімен бөлісіп отыр. Балдырғандар мен студенттердің ғимаратқа кірер есіктері бөлек. Дегенмен серуендеуге арналған аулалары ортақ.

Радостовец пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы бұрынғы балалар бақшасында «Арман» атты жеке мектеп орналасқан. Бұрынғы балабақша аумағы қоршалған және күзетіледі.

«Leader» жеке мектебі де «Орбита-4» ықшамауданындағы бұрынғы балалар бақшасында орын тепкен.

Шәріпов көшесіндегі (Төле би мен Бөгенбай батыр көшелерінің аралығы) бұрынғы балалар бақшасы қазіргі уақытта бос тұр. Терезелерінің жартысы жоқ, ал құрылыс жұмыстары байқалмайды. Ғимаратқа өте жақын жерде жақында салынған «Эльдорадо» дүкені тұр.

Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын балалар қызметінен аластатылған бұрынғы балалар бақшаларының кішкентай ғана бөлігі. Агенттік өз оқырмандарын Алматыдағы осы секілді барлық жайттар туралы құлақтандырып отыруға ниетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті