Жарияланды: 430

Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі - РФ президентінің баспасөз қызметі

Мәскеу. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметінің өкілі Дмитрий Медведевтің Қазақстанға сапары туралы түсінік беруді сұраған Қазақстан Бүгін тілшісіне атап көрсетті.

"Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі", - деді Кремль баспасөз қызметінің өкілі. "Бұл Ресей президентінің кейінгі жарты жылдағы Қазақстанға үшінші сапары", -дейді баспасөз қызметі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-22 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы өтеді. Оған 800-ден астам делегат қатысады. Екі мемлекет басшыларынан басқа Ақтөбедегі саммитке Ресейдің көршілес облыстарының губернаторлары, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының мэрлері, Қазақстан Республикасының үкімет мүшелері, шекаралас жеті облыстың әкімдері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысады. Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен тауар өндірушілердің көрмесі өтеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін