«Жұмыс қорытындысына тоқтатлатын болсақ, біріншіден, біз Астанада БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының аймақтық кеңсесін ашу жөнінде уағдаластыққа келдік. Бұл бірлескен жұмыстарды жандандыруға және оны жүйелі сипатқа көшіруге мүмкіндік береді», — деді министр.
БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (ФАО) 1945-жылдың 16-қазанында Квебек қаласында құрылған. Қазіргі жағдаймен ФАО БҰҰ жүйесіндегі ең ірі мамандандырылған агенттік болумен бірге жалпы ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту саласында техникалық көмек көрсететін жетекші агенттіктердің бірі болып табылады. Ұйымның бас пәтері Римде орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті