Жарияланды: 430

Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының дебаттарына қатысады

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Нью-Йорк қаласындағы бас пәтерінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының дебаттарына қатыспақ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сапар барысында БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан Сыртқы Істер министрі ұйымның ауқымдық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын ортаға салады. Сонымен қатар, министрдің сапар бағдарламасында ЕҚЫҰ төрағалық елдер квинтетінің сыртқы істер министрлерімен кездесуі, "Өркениет Альянсы" достық тобы мен Азиядағы ынтымақтастық диалогына қатысуы және бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін