«Биылғы жылы біз барлық екі жақты келіссөздерді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бәрі де ойдағыдай болса, ондай мүмкіндік Қазақстанда бар, онда келесі жылы көп жақты келіссөздерді аяқтайтын боламыз «, -деді Ж. Айтжанова.Ол түсіндіргеніндей, көп жақты келісөздердің аяқталуы ДСҰ мүшелігіне ену деген ұғымды білдіреді.
Оның сөздері бойынша Қазақстан екі жақты келіссөздерді бес мемлекетпен жүргізуі қалды. Олар — АҚШ, Еуропалық Одақ, Австралия, Үндістан және Моңғолия.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті