Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд доллар қарыз алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд доллар қарыз алады

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд доллар қарыз алады

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады.

  • 11 Мамыр 2016
  • 475
Фото - Caravan.kz


Келісімге осы жылдың 17 ақпанында қол қойылған болатын. Оған сәйкес, Дүниежүзілік банк еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін 1 млрд доллар мөлшерінде қарыз бермек. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, ол ақша Үкіметтің стратегиялық жоспарларын орындауға жұмсалады. Қарыз 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Мәжіліс келісімді бірауыздан қолдады. Енді заң жобасы Сенатқа жолданады. Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі: — Қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын болады. Аталған қарыз қаражаттары бекітілген бюджет тапшылығы жағдайында макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекеттік қаржының теңгерімділігін, оның ішінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру мақсатында маңызды болып табылады.