Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инвестициялар үшін тартымды болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инвестициялар үшін тартымды болып отыр

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инвестициялар үшін тартымды болып отыр

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында инвестициялар үшін тартымды ел болып отыр.

  • 23 Маусым 2015
  • 546
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, әлемде тікелей шетелдік инвестициялар  (ТШИ) бойынша төмен көрсеткіштер орын алғанымен, Қазақстанда постдағдарыстық жылдары тікелей шетелдік инвестициялар ағымы тұрғысында тұрақты оңтайлы қарқын сақталды.

2010-2014 жылдары ТШИ-дің жалпы ағымы 125,5 млрд. АҚШ долларына жетіп, бұл көрсеткіш 2005 жылдан бергі барша жалпы ТШИ-ден 60 пайызын құрады. 2005-тен 2014 жыл аралығында ТШИ-дің көлемі 207,6 млрд. долларға жетіп, оның 81,1 млрд. доллары 2005-2009 жылдары тартылды. 2005 жылға дейін инвестициялар көлемі қомақты болмаған еді. Осы орайда ҮИИДДБ жылдарында инвестициялардың елеулі сомасы тартылып отыр.

2010-2014 жылдары тікелей шетелдік инвестициялар ағымының ең көп үлесі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке қатысты. Оның ішінде геологиялық барлауды жүргізу қызметіне 34 пайыз немесе 42,6 млрд. теңге тиесілі. Шикі мұнай мен табиғи газды өндіруде инвестиция  21,3 пайызға немесе 26,8 млрд. долларға жетті. Ал  көтерме және бөлшек сауда, көліктерді жөндеу оның үлесі  9,3 пайызды (11,7 млрд. доллар) қамтыды.