Экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан топ-20 елдің қатарына негізінен Азия және Африка елдері кірген. Бұл рейтингте 11-ші орын Қазақстанға бұйырды.
Аталмыш рейтингте Қытай көш бастап тұр. 2015 жылы бұл ел экономикасының өсімі 7 пайызды құрауы мүмкін, деп жазды Bloomberg.
Филиппин мен Кения рейтингте екінші және үшінші орындарға жайғасты. Жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына және тұрғындарының 40 пайызы кедей болғанына қарамастан, зерттеу көрсеткендей, биыл кениялық экономика 6 пайызға өсуі мүмкін.
Рейтингтің алғашқы бестігіне Үндістан мен Индонезия да кірді. Ағымдағы жылы әлемдік ЖІӨ 16 пайызын құрайтын Қытай, Филиппин, Кения Үндістан мен Индонезияның экономикасы 5 пайызға өседі.
Атап өту керек, бұл рейтингте Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігі және Колумбия сынды елдермен қатар орналасты.
