Қазақстан экономикасын дүниежүзіндегі жедел қарқынмен дамып келе жатқан экономикалардың қатарына қосуға болады -Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасын дүниежүзіндегі жедел қарқынмен дамып келе жатқан экономикалардың қатарына қосуға болады -Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры

Қазақстан экономикасын дүниежүзіндегі жедел қарқынмен дамып келе жатқан экономикалардың қатарына қосуға болады -Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры

"Соңғы үш жылдағы даму қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасын дүниежүзіндегі жедел қарқынмен дамып келе жатқан экономикалар қатарына қосуға болады. Жалпы Ішкі өнімнің жылдық орташа өсу қарқыны 10 проценттен артты, бұл дүниежүзілік орташадан да, басқа ТМД елдеріндегіден де жоғары көрсеткіш".

  • 2 Маусым 2003
  • 755
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 2-маусымда «Қазақстанның шикізат секторындағы кірістің қалыптасуы мен жұмсалуына мониторинг жасау» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының қоғамдық проблемаларға талдау жасау Орталығының төрайымы Меруерт Махмұтова хабарлады.

Махмұтованың айтуынша,»Қазақстан экономикасының өсуіне түрткі болған басты факторлар — оңтайлы жергілікті коньюнктура мен мұнай, қара және түсті металл бағасының қымбаттығы болмақ. Бүгінде жалпы мемлекеттік экспорт аясында минералды-шикізат өнімдерінің экспорты 80 процентті құрайды, оның 40 проценті мұнайдың үлесінде».
Осы орайда М.Махмұтова :»Мұнай көздерін кең көлемде игеру бағдарламасына сәйкес 2010-жылы күн сайын 100 миллион тоннаға жуық мұнай өндіру жоспарланып отыр. Мұнай өнеркәсібінде өндірілетін мұнайдың небәрі 16 проценті мемлекеттік компаниялардың үлесіне тисе, 84 процентін жеке меншік және шетелдік компаниялар шығарып отыр»,- деген мәліметті ортаға салды.
Алайда оның айтуынша, «90-шы жылдардың басында қол қойылған мұнай саласындағы келісім-шарттарының талабы инвесторларға ғана барынша тиімді болды. Кез-келген компания пайдаға қарық болуды қалап, жеке корпоративтік мүддені ғана көздейтіні белгілі, ал ондай мүдде мемлекеттің стратегиялық мүддесімен сәйкесе бермейді».
М.Махмұтованың пікірінше Қазақстанда мұнай саласына байланысты бірнеше қатерлі фактор бар. Атап айтсақ, «ең біріншісі, келісім шарттардың тіпті парламенттен де құпиялануы , мұнай өндіруші компаниялардың іс-қызметі туралы шынайы ақпараттың жоқтығы, сондай-ақ, ұлттық мұнай қорының құрылуына қатысты ақпараттың жеткіліксіздігі» .