Қазақстан экономикасының ауылшаруашылығы саласының бизнес жүргізудегі тартымдылығы артты - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасының ауылшаруашылығы саласының бизнес жүргізудегі тартымдылығы артты - ҚР СІМ

Қазақстан экономикасының ауылшаруашылығы саласының бизнес жүргізудегі тартымдылығы артты - ҚР СІМ

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Нью-Йоркте Экономикалық және әлеуметтік кеңес сессиясының (ЭКОСОС) отырысында сөз сөйлеген ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Дәненов азық-түлік дағдарысының зардаптарын Қазақстан да тартып отырғанын мәлімдеді. Осыған байланысты билік негізгі азық-түлік өнімдерінің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге және бағаның өсімін тежеуге шара қолданып жатқанын, сондай-ақ, әлемдік деңгейде дағдарысты еңсеруге қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

  • 3 Шiлде 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

СІМ орынбасары отырысқа қатысушылардың назарын Әлемдік банктің бағалауынша, Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орында екендігіне аударды. Оның айтуынша, кейінгі бес жылда ауылшаруашылығына жұмсалған инвестициялар өсімінің қарқыны 2 еседен аса өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті