Жарияланды: 400

Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады - премьер (толық нұсқасы)

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметтің жоспарлағанындай, Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады. Қазіргі жағдайда бұл оптималды өсім. Өйткені, біз басты мақсат етіп инфляцияны өзіміз белгілеген дәліз аясында тежеуді қойдық",- деді Кәрім Мәсімов. "Ағымдағы жылдың тамыз айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда инфляция деңгейі 7,5% болды. Бұл ТМД аясындағы ең төмен инфляция көрсеткіші", - деді үкімет басшысы. "Агроөнеркәсіптік кешенде де өсім байқалуда. Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы өнім мөлшері өткен жылғымен салыстярғанда 20,2% өст. Ауылшаруашылығы өнімдерінің және оларды өңдеу өнімдерінің экспорты 2 еседей өсті. Малшаруашылығының барлық өнім түрлерінің көлемі 4% өсті", -деді премьер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть