Қазақстан елшісі Нидерланды Корольдігінің ханшайымы Беатрикс ханымға сенім грамотасын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Нидерланды Корольдігінің ханшайымы Беатрикс ханымға сенім грамотасын  тапсырды

Қазақстан елшісі Нидерланды Корольдігінің ханшайымы Беатрикс ханымға сенім грамотасын тапсырды

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Елшісі Майнұр Мырзамадиева кеше Нидерланды Корольдігінің ханшайымы Беатрикс ханымға сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды агенттік ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2007
  • 651
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенім грамотасрын тапсыру рәсімінен кейін болған сұхбат барысында Беатрикс ханшайым екі ел арасындағы қарым-қатынастарының қазіргі таңдағы жағдайы мен келешегіне қанағаттанатынын білдірді.

Ханшайым нидерланды-қазақстан ынтымақтастығына 2002 жылы болып өткен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерланд Корольдігіне сапары маңызды серпін бергендігін ерекше атап өтті.

«Нидерланд елшілігінің Астанада және Қазақстан елшілігінің Гаагада ашылуы қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанының белгісі болып табылады», деді ол.

Ханшайым Қазақстанның дамуын қадағалап отырғандығын, сонымен қатар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құруда қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалайтынын атап көрсетті.

Беатрикс ханшайым Нидерланды жағы Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төраға болу талпынысын қолдап отырғандығын растады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті