Рәсімнен кейін елші мен ТР президенті арасында сұхбаттасу болды. Сұхбат барысында А.Гүл қазіргі кездегі екі ел қарым-қатынастарына жоғары баға беріп, түрік үкіметінің Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты және халықаралық мәселерде кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ынталы екенін мәлімдеді.
Түрік мемлекетінің басшысы жақында өткен Астананың 10-жылдық мерейтойына орай Қазақстанға сапары және Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен кездесуі туралы жылы пікір білдірді.
Президент А.Гүл Түркияның бауырлас Қазақстанның барлық бастамаларын қолдайтынын, мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктеріне қуанатынын және мақтан тұтатынын мәлімдеді.
Елші қазақстандық-түрік қатынастарының көп жақты саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық, оның ішінде көлік-коммуникациялық және инвестиция саласындағы, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы қазіргі күн тәртібіндегі бірлескен ірі көлемдегі іс-әрекеттер мен жобалардың екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық-түрік қатынастарының жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті