Қазақстан Еуразиядағы аса ірі әрі заманауи жабдықталған транспорттық торапқа айналуға тиіс - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Еуразиядағы аса ірі әрі заманауи жабдықталған транспорттық торапқа айналуға тиіс  - Назарбаев

Қазақстан Еуразиядағы аса ірі әрі заманауи жабдықталған транспорттық торапқа айналуға тиіс - Назарбаев

Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан таяу болашақта Еуразиядағы аса ірі әрі заманауи жабдықталған транспорттық торапқа айналуға тиіс. Бүгін "Қазақстан -2030" стратегиясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған халықаралық конференция барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қазан 2007
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Біз осы іске кірісіп те кеттік, жыл өткен сайын біздің жаңаша нысандарды пайдалануға беріп жатқанымызға өздеріңіз куәсіздер», — деді Н. Назарбаев.

Ол 1997 — 2006 жылдар аралығында республикалық бюджет қаржысының есебінен бұл мақсатқа 280 млрд теңге жұмсалғанын, соның есебінен 4 мың шақырымдай жол тартылып, 13 мың шақырымнан астам автожолдарға күрделі және ағымдағы жөндеулер жасалғанын атап өтті.

«Алға қойылған мақсаттарды одан әрі жүзеге асыру үшін 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі транспорттық стратегиясы жасалды, оның аясында түрлі қаржыландыру көздерінің есебінен 30 млрд долларға 80-ге жуық инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған», — деді мемлекет басшысы.

«Іс жүзінде еліміз экономикасының дамуы Қазақстанның жалпы қандай транспорттық жүйеге ие болатындығына тікелей байланысты. Сол себепті 1600 шақырымға жуық жаңа темір жол тартылып, 2700 шақырымына тоқ жіберіліп, 50 мың шақырымдай аватожолдар салынады немесе жөнделеді, әуежай инфрақұрылымын жаңалау мен реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі, ұлттық теңіз сауда флоты, теңіз айлақтарныың инфрақұрылымы мен ішкі кеме қатынау жолдары дамып келеді», — деді ол.

«Ұсынылып отырғандардың бәрі де Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансконтиненталдық бағыттарды дамытуға тың серпін беруге тиіс», — деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті