Қазақстан федерацияға айналмаса, Украинаның кебін киеді - ресейлік тарихшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан федерацияға айналмаса, Украинаның кебін киеді - ресейлік тарихшы

Қазақстан федерацияға айналмаса, Украинаның кебін киеді - ресейлік тарихшы

Forbes.kz сайтының хабары бойынша мақала «Новороссия» аталатын басылымға шыққан. «Қазақстан федерацияға айналмаса, оны Украинаның тағдыры күтіп тұр» деп аталады. Авторы – Григорий Миронов, тарих ғылымының кандидаты.

  • 24 Тамыз 2017
  • 741
Фото - Caravan.kz

Оның пікірінше, «қазіргі Қазақстандағы орыстар өздерінің этникалық жерлерінде тұрып жатыр, ол жерді қазақтарға большевиктер сыйлаған, мұны ресми Астана мойындағысы келмейді» екен. Неге сүйеніп айтып отырғаны белгісіз, одан әрі ол былай деп «Қазақстандағы орыс жерінің» тізімін келтіреді.

«Қазақстандағы орыс жері мыналар: Жетісу, Жайық қазақтарының жері, Кенді Алтай және Оңтүстік Сібір. Мұнда еуропалық ұлт тұрғындары сан жағынан әлі де басым».

Миронов Қазақстан билігін қазақтандыру, орыстілді тұрғындардың құқына шекеден қарап, оларды елден ығыстыру саясатымен айналысып жатыр деп айыптайды. Оның тағы бір пікірі бойынша елде қазақ ұлтшылдығы мемлекеттік деңгейде дамып келеді.

«Мұның бәрі болашақта Қазақстанды бір ғана этникадан тұратын елге айналдыру үшін жасалып жатыр. Оның соңы жаман болады» деп пайымдайды тарихшы. Автордың ойынша, өкімет бұрын саны аз болған қазақтар бірнеше ондаған жылдан кейін басым этносқа айналуы үшін ауқымды саясат жүргізіп келеді. Оған дәлел қала, елді мекен, көше аттарының қазақшалануы. Яғни, автор славян ұлтты тұрғындардың саны азаюын табиғи процесс емес, мемлекеттік саясаттың нәтижесі деп түсіндіреді.

Мироновтың тағы бір «терең» пайымы бойынша, Қазақстанда «белорус, неміс, поляк сияқты орыстілді этностар орыстардың жанына біріккен» және олардың қазақтармен қарым-қатынас жаулыққа ұласып келеді. Алғашқылары қазақ тілін үйренгісі келмейді. Орыстанып кеткен шалақазақтар да бар, бірақ олар орыстілділердің жағында.

Миронов осылай деп жалғастыра береді. Сосын мұның аяғы жаман болады деп тағы қорқытады да оған жол бермеудің жолын қазақтарға өзі ұсынады. Яғни, болашақта бүліншіліктен сақтануы үшін Қазақстан федерациялық ел болуы керек. Осылай деп ойлайтын көптеген зерттеушілер бар екен. Олар кімдер? Қашан, қай жерде мұндай пікір айтқан? Бұл жөнінде ештеңе жоқ. Осындай жалаң пайым мақаланың ғылыми зерттеуге еш қатысы жоқ екенін, оның әлдебір саяси мақсатпен жазылғанын көрсетеді.


Ресейлік кей саясаткерлер мен сарапшылар бірқатар солтүстік аймақтарда орыстардың үлес салмағы басымдығын Қазақстанның ең әлсіз жері деп есептейді де, әлдебір белгі ретінде мұндай пікірлерді ауық-ауық айтып тұрады. Және олар көбіне Астана тарих, тіл сияқты мәселелерде маңызды шешімдер қабылдап жатқанда немесе Ресейдің көршілермен қарым-қатынасы шиеленіскен кезде пайда болады. Сондықтан Қазақстанда ондай мәлімеделер аса таңғаларлық нәрсе болып саналмайды. Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың өзі Қазақстанның территориялық тұтастығы мәселесінде арандатушы пікірлер айтып, артынан оны жоғарыдағы билік тармағы өкілдерінің теріске шығарған кездері болған.

Ал дәл мына мақалаға келсек, оның астарында қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыруға қатысты наразылық жатыр деп пайымдауға болады.

Соңғы жаңалықтар