Қазақстан франчайзинг бойынша Орталық Азия елдерінде көшбасшы болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан франчайзинг бойынша Орталық Азия елдерінде көшбасшы болып отыр

Қазақстан франчайзинг бойынша Орталық Азия елдерінде көшбасшы болып отыр

Қазақстанда қазіргі таңда орта және шағын бизнестің 5 пайызы франчайзингтің игілігін көріп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыдағы «KazFranch-2013» көрмесі аясында өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 593
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан нарығында негізінен дистрибьюторлық франчайзерлер ұсынылады. Оның 75 пайызы киім-кешек саудасы болса, 25 пайызы сервистік, бизнес пен коммуналдық қызметтер, ақпараттық технологиялар, білім және бұқаралық ақпарат құралдары», — дейді Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Рахметов. Оның айтуынша, Қазақстан франчайзинг бойынша Орталық Азия елдерінде көшбасшы болып отыр. Оның шағын және орта бизнестегі үлесі Қазақстанда 5 пайыз болса, аймақтағы өзге елдерде 1 пайыздан аспайды. Дегенмен франчайзингтік қатынастарға қатысушы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің үлесі Қазақстанда 3,5 пайызды ғана құрауда. Бұл Германияда 45 пайызға дейін жетеді. Сондықтан оның даму көкжиегі өте зор.