Қазақстан ғалымдары ұршық буынын эндопротездеу технологиясын жетілдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғалымдары ұршық буынын эндопротездеу технологиясын жетілдірді

Қазақстан ғалымдары ұршық буынын эндопротездеу технологиясын жетілдірді

Қазақстанның бір топ ғалымдары ұршық буынын ауыстыру технологиясын жетілдіріп, операциядан кейін асқыну тәуекелін төмендетті. Осы жетістіктері үшін олар әл-Фараби атындағы сыйлықты алды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында осы ғылыми еңбек жайында медицина ғылымдарының докторы, профессор Шалғынбай Баймағамбетов айтып берді.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 1259
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Батпенов, аталған институттың №3 ортапедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Қайрат Әшімов, институт директорының орынбасарлары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шалғынбай Баймағамбетов, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қуаныш Оспанов, №4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алексей Белокобылов, №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерік Раймағамбетов әл-Фараби атындағы сыйлықты алған болатын.

Ш. Баймағамбетовтың айтуынша, ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану жобасы бойынша ғалымдар командасы 15 жыл жұмыс істеді.

«Барлықтарыңыз жақсы білесіздер, кез келген технологияның оң және кері тұстары болады. Біздің ғалымдардан құралған топ шетелдік тәжірибе бойынша инновациялық технологияларды қолдану кезінде белгілі бір кемшіліктер бар екенін анықтады. Операцияларды жасау кезінде туындайтын түрлі асқыну салдарын төмендету үшін аталған технологияларды жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу мақсаты белгіленді. Әсіресе, бұл қадамдар ұршық буыны ауруларын емдеу кезінде қажет болды», — деді ол.

Ғылыми жұмыс барысында терең зерттеулер жүргізіліп, математикалық компьютерлік модельдеу мен тәжірибе жүзінде іске асыруға қол жеткізілді.


«Терең зерттеулер халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек, сондықтанда да біз осы жұмыстарды Германиядағы Мюнстер университетінде жүзеге асырдық. Сол жерде осы эндопротездеу модельдерін шығару ретке келтірілді. Қазіргі заманғы технологияларды пайдаланумен математикалық және компьютерлік медельдеуді біз Циолковский атындағы Мәскеу авиациялық институтымен бірлесе жасадық. Аталған технологияны тәжірибе жүзінде іске асыруды біздің ғылыми-зерттеу институтында бір топ авторлар жүргізді», — деді ол.

Осы орайда отандық ғалымдар ұршық буынын эндопротездеудің конструктивті ерекшеліктерін өзгертіп, операциядан кейінгі асқыну салдарын төмендетуге қол жеткізді. Бұл жетілдірілген технология Қазақстанның өңірлерінде енгізілді.

Соңғы жаңалықтар