Судья Асхат Әшірбеков оқып берген үкімге сәйкес, Г.Мұрзақұлов жалпы режімді колонияда жазасын өтейді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленеді.
Бұрын хабарланғандай, Г.Мұрзақұловқа қатысты 2013 жылы 28 желтоқсанда сот басталған болатын.
Оған пара алды және қылмыстық жолмен ақшаны заңдастырды деген айып тағылды.
Іс материалына сәйкес, Г.Мұрзақұлов өзінің жақын туыстары арқылы Астана қаласында элиталы коттедж бен екі пәтер салу үшін құрылыс компаниясына 77,1 млн теңге бөлген және Алматы облысынан 90 мың $-ға жалпы алаңы 342 га жеті жер телімін сатып алған.
Сот талқысы кезінде Г.Мұрзақүлов өз кінәсін мойындамаған.